2003 жылдан 2022 жылдар аралығында Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жеті съезі өтті. Бұл кездесулер әртүрлі діни дәстүрлердің өкілдері мен әлемдік лидерлер арасындағы сындарлы диалогқа арналған маңызды халықаралық алаңға айналды.
Съездер жұмысына ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм, зороастризм, синтоизм, даосизм, бахаи сенімі, джайнизм өкілдері, сондай-ақ саяси және мемлекет қайраткерлері, БҰҰ, БҰҰ Өркениеттер альянсы, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ИЫҰ және Дүниежүзілік шіркеулер кеңесі сияқты халықаралық, діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Құрметті қонақтар қатарында Рим Папасы Франциск, шейх Ахмед ат-Тайеб (әл-Азхар), Патриарх Кирилл, Иерусалим патриархы ІІІ Феофил, Израильдің бас раввиндері Давид Лау мен Ицхак Йосеф сияқты көрнекті тұлғалар болды. Сондай-ақ Иордания королі ІІ Абдалла, Финляндияның бұрынғы президенті Саули Ниинистё, Израильдің экс-президенті Шимон Перес және БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун сияқты саяси және қоғамдық қайраткерлер қатысты.
Осы бөлімде мына материалдар ұсынылған: құжаттар архиві (тұжырымдама, бағдарлама, қатысушылар құрамы, хаттар, декларация, шешім), фотосуреттер архиві, бейнехроника, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері қатысушыларының географиясына арналған интерактивті карталар.